«Байкен-U» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері

     «Байкен-U» ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері - Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы  Байкенжe ауылында орналасқан «Харасан-2» (Северный Харасан) кенішінде табиғи уранды өндіру, өңдеу және тау-кен жұмыстарын жүргізу, кеніш уранды жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісімен (ЖҰШ) өндіретін ең терең кеніш  болып табылады.

    Табиғи уранды өндіру кенді жердің бетіне  шығармай, жерасты ұңғымаларын шаймалаудың ең озық, қоршаған ортаға қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді әдісімен жүзеге асырылады.