Компания тарихы

«Байкен-U» ЖШС : даму тұрақтылығы және болашақ үшін қамқорлық

 

Қазақстанда әлемдік уран қорының шамамен бестен  бір бөлігі шоғырланған (21 % және әлемде 2-ші орын). Уранның жалпы ресурстары шамамен 1,5 млн. тонна, оның ішінде  жерасты сілтілеу әдісімен шамамен 1,1 млн тонна өндіруге  болады.

2009 жылы уран өндіруден Қазақстан бірінші орынға шықты. КСРО-да Қазақстан болашақта уран өндіруден даму аумағы ретінде қарастырылатын. Оның кен орындары барланып, қорлары бағаланған. Бұл тәуелсіз Қазақстанда уран өндірудің қарқынды дамуының базасы болды. Бүгінгі күнге бұл жерде 129 кен орындары және кеніш байқалуы барланып зерттелген. құмдақ түріндегі орналасқан 20 кенорындарында өндіруліде. Негізгі уран өндіру көлемі «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясына келеді (геологиялық барлау, уран өндіру, оны экспорттау).

Қазақстанда UraniumOne БК құрамында уранның өнеркәсіптік өндірісін алты кен орындарында жүргізеді: Ақдала, Оңтүстік Инкай,  Қаратау, Ақбастау, Заречное  және Хорасан. Бірінші төрт кен орындарының тең иесі «Қазатомөнеркәсіп» болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» -тің Харсан кен орындағы тең иесі EnergyAsiaLimited жапон энергетикалық компаниялардың консорциумы. Уран саласын дамыту, әзірлеу және уран өнімділігін арттыруға «2010 жылға - 15 000 тонна уран» бағдарламасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясымен 2006 жылдың наурыз айында ұйымдастырылған «Байкен – U» ЖШС-і айтарлықтай үлесін енгізеді. Сол уақытта «Қазатомөнеркәсіп» алдында орасан зор міндеттер тұрды, жаңа кен орындарын әзірлеу үшін үлкен инвестициялар қажет болды. Осыған байланысты, кейінірек «Байкен-U» жобасына жапондық инвесторлар шақырылды, ал компанияның өзін құрылтайшылардың құрамының өзгеруіне байланысты БК қайта тіркеді. Осы кезге кәсіпорынның 95%  алты энергетикалық компаниялардан тұратын EnergyAsiaLimited консорциумы иеленген. Тағы 5% - «Қазатомөнеркәсіп»-те. Осы жерде, EnergyAsiaLimited жобаны дамытуына қажетті қаражаттың 100% инвестициялауды қамтамасыз ететіндігін атап көрсету қажет, ал  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ы жапон банкілеріне қарыз бойынша кепілдеме және жер қойнауын пайдалануға келісім-шартты ұсынады. 2008 жылы, 2010 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге, тағы да 20 жылға мерзімін ұзарту құқығымен өндірілген табиғи уранды жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасалды. Келісімге сәйкес, «Хорасан-2» кен орында өндірілген уранның 70% жапондық инвесторлар, ал 30% Қазақстан Республикасы атынан ҰАК. «Байкен-U»  ЖШС-нің негізгі қызмет түрлері – ол Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылында орналасқан «Хорасан-2» («Солтүстік Хорасан»), кен орнында табиғи уранды өндіруі, қайта өндеуі және тау-кен-дайындық жұмыстарын жүргізуі, ол уранды жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өңдеу бойынша ең терең кен орны болып табылады.